Теміржол арқылы қауіпсіз өту ережелері
Павлодар станциясындағы Желілік полиция бөлімінің ҚБААт аға инспекторы полиция аға лейтенанты Сайлаубеков Е.Қ. Павлодар қаласының №5 орта мектебінің оқушыларымен профилактикалық әңгіме өткізді. Әңгіменің мақсаты – балалардың жарақаттануына жол бермеу, сондай-ақ балаларда темір жол көлігімен қауіпсіз жүру ережелерін бекіту. Балаларға темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін де әкімшілік құқық бұзушылық түсіндірілді.