Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
Құрметті Қазақстандықтар! Қымбатты жерлестер! Қазақстан Республикасының Конституциясы күні — біздің еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі болып саналады. Осыдан 29 жыл бұрын, 1995 жылы 30 тамызда еліміздің негізгі Ата Заңы қабылданды. Бұл Қазақстан азаматтары үшін республика дамуының жаңа беттерінің басталуын білдіретін ерекше оқиға болды. Конституция жалпы тарихи тағдырмен байланысқан Қазақстан халқының бірлігін нығайта түсті. Мереке құтты болсын!