2024 жылғы жұмыс қорытындысы
Бас Прокуратурада 2024 жылғы жұмыс қорытындысы қаралған алқа отырысы өтті. Бас Прокурор Берік Асылов азаматтардың құқықтарын қорғау, заңсыз активтерді қайтару, инвестициялық жобаларды қолдау және қылмыспен күрес бойынша атқарылған жұмыстарды атап өтті.
Нәтижесінде:
428,7 млрд теңге актив қайтарылды;
565 инвесторға көмек көрсетіліп, экономикаға 10 трлн теңге тартылды;
3,5 млн азаматтың құқықтары қорғалды;
Қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 5,3%-ға төмендеді.