Сенім телефоны
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
“Жеңгем мінезімен көркем”
31-01-2025 16:20
“Жеңгем мінезімен көркем”

Ағымдағы жылдың 30 қаңтар күні “Даналық мектебі” клубының жоспарына сай “Жеңгем мінезімен көркем” тақырыбында бастауыш қазақ сыныптары ата - аналарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: жаһандану жағдайында қазақтың дәстүрлі отбасындағы келін, жеңгенің рөлі, дәстүрлерді сақтау, заманауи мүмкіндіктерді түсіну. Сонымен қатар, қыздар мен жеңгелердің жақындығын арттыру.
Қонаққа Макеевтар әулетінің инабатты келіні, асыл жеңгелері, асыл жар, аяулы ана, керемет жан - Айгерім Макеева келді.
Отырыста қонағымыз өзі басқа өңірінің кызы Кереку елдің келіні, жеңгесі атанғаннан кейін қызықты ерекше, қуанышты, бақытты сәттері туралы айтып бөлісті.
Сонымен қатар, ата - аналар арасында барлық аналар өздерінің отбасы туралы дәстүрлі мен қуанышқа толы сәттерімен асыға бөлісті. Отырыс соңында бір-біріне жақсы тілек айтып, Гүлзайра апай бата берді.
Даналық мектебінің жетекшісі: Омарова Асимгуль Маратовна.