ИнЕУ де Ашық есік күні өтуде
Инновациялық Еуразия университетінде Ашық есік күні жалғасуда, оның аясында Павлодар облысы мектептерінің бітіру сыныптарының оқушылары ЖОО-ның білім беру бағдарламаларымен, инфрақұрылымымен және студенттік өмірімен танысады.
№34 және №5 орта мектеп оқушылары оқуға түсу мүмкіндіктері, дайындық бағыттары, студенттік ұйымдар және біздің университетте оқудың артықшылықтары туралы білді.
Олар үшін оқу ғимараттарына экскурсия жүргізілді, зертханалар, кітапхана және практикалық дайындық орталықтары туралы айтылды.
ИнЕУ-дегі ашық есік күні тұрақты түрде өтуде және біз университет қабырғасында бізбен бірге табысты мансап құруға дайын болашақ талапкерлерді көруге қуаныштымыз!