Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87182546323
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
"Заңнан қорықпай, оны құрметтейтін ұрпақты қалай тәрбиелеуге болады?"
10-04-2025 11:59

Оған жауап – профилактикада, білім беруде және дана тәлімгерлікте.

Бүгін, өкінішке қарай, кейбір жасөспірімдер төбелес пен одан да ауыр қылмыстарға барып жүр. Көпшілігі заңды бұзып жатқанын білмеген. Олар бұл үшін жауапкершіліктің бар екенін түсінбеген.

Нағыз қауіп - құқықтық сауатсыздық.

Сондықтан біз уәкілетті органға маңызды ұсыныс жасадық – 7-сыныптан бастап мектептерде «Заң және Тәртіп» атты міндетті пән енгізу. Бұл пәндіқызметтегі заңгерлер мен құқық қорғау органдарының ардагерлері жүргізсе, олар тек біліммен емес, өмірлік тәжірибемен де бөлісе алады.

Жасөспірім заңның мәнін түсінгенде – ол қорқыныш пен бейбастақтық емес, бағыт пен тәртіпке ие алады.
Хабардар адам қаруланғанмен тең.

Егер жасөспірім алған білімін тек сыныптастарымен ғана емес, отбасымен, көршілерімен де бөлісе алса – бұл жаман ба?

Біз мұндай сабақтардың саналы, жауапты, заң мен тәртіпке құрметпен қарайтын жас ұрпақты тәрбиелеуге көмектесетініне сенімдіміз.

Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Адал азамат тұжырымдамасының идеалдарына сай патриоттық рухта тәрбиеленген, білімді, жасампаз ұрпақты тәрбиелеудің маңыздылығын тағы да атап өтті.

Демек, дұрыс тәрбие мен заңды білу арқылы ғана біз әділетті қоғам құра аламыз.