15 сәуірде Қазақстанда Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күні аталып өтеді — бұл ұлттық махаббат мерекесі. Бұл күн — екі жас арасындағы шынайы, адал әрі қайғылы махаббат жайлы қазақ эпосына негізделген. Қозы мен Баянның хикаясы арқылы бұл мереке сезімнің, адалдық пен ұлттық мәдениетке құрметтің маңыздылығын көрсетеді.
Осы мерекеге орай №5 мектепте ерекше акция өтті: мерекелік түрде безендірілген қорап орнатылып, оған кез келген адам махаббат пен алғысқа толы «валентинка» — ашықхаттарын тастай алды. Бұл бастама мектеп ішінде жылы әрі достық атмосфера қалыптастыруға себеп болды.
Акцияны 10 "А", 10 "Б", 11 "А" және 11 "Б" сыныптарының оқушылары кіретін жоғары сынып оқушылары кеңесі ұйымдастырды. Олар бастама көтеріп, қорап қойылған аумақты безендіріп, сынып сағаттарында акция туралы айтып, барлық оқушыларды қатысуға шабыттандырды. Бұл арқылы олар мейірімділік, қамқорлық және бір-біріне деген құрметтің маңызын көрсетті.
