Қазақстан халқы тілдері күніне арналған Тілдер апталығының ашылуы
2025 жылдың 22 қыркүйегінде мектебімізде «Адамға екі нәрсе керек тегі: бірі — тіл, бірі — ділің жүректегі» тақырыбымен Тілдер апталығының ашылу салтанаты өтті.
Мақсаты: Отанға және мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті арттыру, олардың дамуына үлес қосу, оқушылардың сөздік қорын байытып, қазақ тілінде еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Іс-шара барысында оқушылар үш тілде өлеңдер оқып, күй орындап, викторина сұрақтарына жауап берді.
