Жалпы мектептік ата-аналар комитетінің алғашқы отырысы
Мектепте «Ата-аналар комитеттерінің трансформациясы» тақырыбында жалпы мектептік ата-аналар комитетінің алғашқы отырысы өтті.
Кездесу барысында сынып ата-аналар комитетінің төрағалары ата-аналар қауымдастығымен өзара әрекеттесудің жаңа форматы туралы ақпарат алды. Бұл форматтың негізгі мақсаты — жауапты және позитивті ата-аналық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету, ата-аналар комитеттерінің тәрбиелік жұмыстағы белсенділігін арттыру және ата-аналарды мектеп өміріне белсенді түрде тарту болып табылады.
