М. Әуезовтің мерейтойына арналған апта
Қаламыздағы М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің мерейтойына арналған апта өткізілді.
Апта аясында «Абай жолы» романы бойынша квест-ойын ұйымдастырылып, оған қаламыздың мектептері қатысты.
Мектебіміздің 10-сынып оқушыларынан құралған команда — Ефремов Глеб, Амантаева Жанель және Искакова Айсана — жоғары нәтиже көрсетіп, ІІ орынды иеленді.
