Қазақстан Республикасы күніне арналған сынып сағаты
2025 жылғы 20 қазанда 9 «Б» сыныбында Қазақстан Республикасы күніне арналған сынып сағаты өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды.
Сабақ барысында оқушылар бейнематериал көріп, тақырып бойынша викторинаға қатысты, сондай-ақ «Дұрыс таңдау жасап, өкінбеудің жолы» атты қауіпсіздік сабағы өткізілді.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың азаматтық ұстанымын, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырып, белсенді өмірлік көзқарасын дамытады.
