«Полиция және балалар – қауіпсіздік үшін бірге» мазмұндамасы
Бүгін, 2025 жылғы 20 қарашада, мектепте 7–11 сынып оқушылары «Полиция және балалар – қауіпсіздік үшін бірге» тақырыбында мазмұндама жазды.
Іс-шараның мақсаты — полицияның тек бақылау және жазалау органы ғана емес, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, қоғамдағы тәртіпті сақтауға көмектесетін сенімді құрылым екендігі туралы оқушылардың түсінігін қалыптастыру.
Мазмұндама жазу барысында оқушылар полицияның қоғамдағы рөлі, жеке қауіпсіздік және жауапкершілік мәселелері туралы ойланып, өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік алды.
