Оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға арналған шара
2025 жылдың 20 қарашасында мектепте «Адал ұрпақ» ерікті клубының «Ізгілікке сот» тақырыбындағы көрінісі 8-сынып оқушылары мен мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне арналған түрде өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — Қазақстан Республикасындағы қылмыстық процестің негіздерімен таныстыру, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, нашақорлыққа қарсы теріс көзқарас орнықтыру, сондай-ақ талдау жасау, дәлелдеу және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту.
Интерактивті көрініс барысында оқушылар сот процесіне қатысушы тұлғалардың рөлдерін орындап, құқықтық жағдайларды талдап, заңды сақтау мен жеке жауапкершіліктің маңызын түсінді.
