Кәсіптік бағдар беру шеберлік сабағы
18.12.2025 ж. Павлодар қаласындағы КГУ «СОШ №5 г. Павлодара» базасында «Кәсіптік бағдар беру серіктестігі» жобасы аясында оқу-өндірістік комбинаттың тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Калакша Наталья Павловна 8-сынып оқушыларына арналған имбирьлі пряник дайындау бойынша шеберлік сабағын өткізді.
Сабақ барысында қыздар кондитерлік істің негізгі қырларымен танысты. Шеберлік сабағы оқушыларға ерекше ұнады.
Көрсеткен еңбегі үшін Калакша Н.П.-ға алғыс білдіре отырып, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз.
