Ата өсиеті – ұрпаққа аманат
Оқу ордамызда Даналық мектебінің ұйымдастыруымен «Ата өсиеті» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті.
Шараның негізгі мақсаты — ата-бабадан қалған өсиет пен өнегені жас ұрпақтың санасына сіңіру, ұлттық тәрбиеге баулу.
Кеш барысында қатысушылар ата өсиеттерінің мән-мағынасын ашып, оны өмірмен байланыстыра отырып ой қозғады. Оқушылардың орындауындағы көріністер мен нақыл сөздер көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Іс-шара тәрбиелік маңызы жоғары, әсерлі өткен тағылымды кездесулердің бірі болды.
