Заң және тәртіп — ортақ құндылық
Мектепішілік «Заң және тәртіп» айлығы аясында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері (жетекшісі — Конуржанова А.А.) «Жақсылық үстінен сот» тақырыбында театрландырылған қойылым ұсынды.
Іс-шара оқушыларды Қазақстан Республикасындағы қылмыстық сот ісін жүргізудің негіздерімен таныстыруға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, есірткіге қарсы теріс көзқарас орнықтыруға, сондай-ақ талдау, дәлелдеу және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталды.
