Шығармашылық жетістік
Құттықтаймыз!
Мектебіміздің 8 «Ә» сынып оқушысы Өмірбекқызы Сара 8–11 сынып оқушыларына арналған «Абай оқулары» республикалық шығармашылық байқауының қалалық кезеңінде III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Бұл жетістік — табандылық пен білімге, рухани құндылықтарға деген сүйіспеншіліктің айқын көрінісі. Алдағы уақытта да шығармашылық шабыт серік болып, алар асуларың биік, жеңістерің көп болсын! Жұлдызың жанып, әрдайым үздіктер қатарынан көріне бер!
Жетекшілері: Ермек Н., Акимбекова У.К., Ван Д.
