Бүгін мектебімізде педагог-психологтар Ертаева Индира Сейсенбаевна мен Канжигалинова Малика Куатовна «Жанұя жылуы» жобасы аясында ата-аналарға арналған тренинг элементтері бар сабақ өткізді. Тақырыбы: «Қалай келісуге болады…»
Кездесу барысында ата-аналармен бала тәрбиесінде неге келісімге келу қиын болатыны, өзара түсіністікке кедергі келтіретін жиі кездесетін қателіктер және құрметке, таңдау мүмкіндігіне, ынтымақтастыққа негізделген диалогты қалай құру керектігі талқыланды.
Ата-аналар интерактивті жаттығуларға қатысып, өмірлік нақты жағдайларды (ұйқы, ойыншықтарды жинау, дүкендегі сатып алулар, бауырлар арасындағы қақтығыстар) талдап, тиімді келісімге келу алгоритмін меңгерді және тәжірибе арқылы бір-бірін тіпті сөзсіз түсінуді үйренді.
«Қалай келісуге болады…»
