Ұлттық стиль күні
Әр жұма — Ұлттық стиль күні!
Мектебімізде жұма күндері қазақтың ұлттық киім элементтері бар киіммен келу игі дәстүрге айналды.
Бұл — сыртқы келбеттің бір бөлігі ғана емес, халқымыздың мәдениетіне, тарихына және рухани құндылықтарына деген құрметтің көрінісі.
Ұлттық дәстүрлерді сақтай отырып, біз жас ұрпақтың бойында өз тамырына, туған халқына деген сүйіспеншілікті тәрбиелейміз.
