Баскетболдағы жетістік
5–6 сынып оқушылары арасындағы А. Непша атындағы баскетбол турнирі өз мәресіне жетті.
Жарыс қорытындысы бойынша мектебіміздің командасы II орын иеленді.
Турнирдің үздік ойыншысы — 6 «В» сынып оқушысы Новицкий Егор.
Команданың жаттықтырушысы — Муканова Р.К.
Жас спортшыларды тамаша нәтижемен құттықтаймыз және алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тілейміз!
