Ақпараттық кездесу: әскери оқу орындарына түсу мүмкіндіктері
Бүгін мектебімізде жоғары әскери оқу орындарының курсанттары оқушылармен кездесу өткізіп, әскери оқу орындарына түсу тәртібі мен мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Курсанттар әскери мамандықтың ерекшеліктері мен артықшылықтарын түсіндіріп, әскери қызметке қызығушылықты арттыруға бағытталған насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесудің мақсаты – оқушыларды әскери қызметтің маңызымен таныстыру, болашақ мамандық ретінде әскери бағытты таңдауға қызығушылық ояту және әскери оқу орындарына түсу шарттары туралы толық ақпарат беру.
Мұндай іс-шаралар жастардың патриоттық сезімін нығайтып, жауапкершілік пен тәртіпке баулуға, сондай-ақ Отан қорғау ісіне құрметпен қарауға ықпал етеді.
