Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87182546323
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
«Адалдықпен жаса!» фестиваль-квесті
03-03-2026 10:50
«Адалдықпен жаса!» фестиваль-квесті

2026 жылғы 3 наурыз күні КММ «№27 ЖОББМ»-де «Адал Азамат» бағдарламасы аясында «Адалдықпен жаса!» атты мектепаралық фестиваль-квест өтті.

Іс-шараға №5, №1, Р. Нұртазина атындағы және №27 мектептердің 8–9 сыныптарының 100-ге жуық оқушылары қатысты. Фестивальдің басты мақсаты — оқушылардың бойында адалдық, жауапкершілік, бастамашылдық және әлеуметтік белсенділік құндылықтарын тәжірибелік әрекет арқылы қалыптастыру.

Фестиваль бес интерактивті бағыттан тұрды: «Адал таңдау», «Жаңашылдар», «Жасампаздар», «Буллингке қарсы зертхана» және «Adal Media». Қатысушылар өмірлік жағдайларды талқылап, мектеп ортасын жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеп, әлеуметтік бейнероликтер жасады.

Қорытындысында үздік идеялар ұсынылып, «Адал Азамат кодексі» жарияланды, ал жеңімпаздар грамоталармен марапатталды.