Класс жетекшілерінің жұмысын жетілдіруге арналған педагогикалық кеңес
27 наурызда мектепте педагогикалық кеңес өтті:
«Адал Азамат» бағдарламасын жүзеге асыру аясында білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында класс жетекшілерінің жұмысын жетілдіру».
Мақсат: класс жетекшілерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру арқылы тәрбие жұмысының заманауи тәсілдерін енгізу және жасанды интеллект құралдарын пайдалану.
Кеңесте оқушылармен тиімді қарым-қатынас әдістері, заманауи тәрбие технологиялары және білім беру процесін жақсарту үшін ЖИ қолдану мәселелері талқыланды.
