Біздің қоғамда салауатты өмір салты бірінші орында тұр. Бұған 10 қыркүйек айында барлық мектептерде болған Денсаулық күні куә. Осы күні № 5 ЖОМ-де бастауыш сынып оқушылары ата-аналарымен бірге келді. Егер біз ересек адамдар өз балаларымызға жастайынан денсаулықты бағалау, сақтауға үйретіп қана қоймай, салауатты өмір салтын көрсету арқылы өз болашағымыздың жеке тұлға ретінде қалыптасуы, рухани, зияткерлік және дені сау болашақ тәрбиелеуге көп мүмкіндік бар.
Бірінші сынып оқушыларыны Денсаулық күні мерекесі таңертеңгі жаттығумен басталды. Балаларға ритмикалық музыкамен үлкендер жаттығу жасау өте қызықты болды. Содан кейін сыныптар арасында тез және ептілік этафетасы өткізілді. Сынып командаларының құрамында мұғалімдерде қатысты. Балалар өздерінің мұғалімдерінің қатысқанына мәз-мейрам болды. Әрине командалар арасында «достық» жеңді Мерекенің сәні балалар асфалтта салған суреттері болды. Іс шара өткен уақытында балалардың сүйікті әуендері ойнады. Балалардың қуанышты жүздерін көру және бірінші сынып оқушыларынан өткізген тамаша уақыттарына алғыс есту жанға жайлы естіледі.