"Пяточок" газетінің тілшілері 5 "А" сыныбында қонақта болды. Олар саяхатқа қалай барғандары жайлы әңгімеледі:
Кабылкенова Асия: "Мен және менің 5"А" сыныбым сенбі күні ата-аналарымызбен және сынып жетекшімізбен саяхатқа бардық. Саяхатымыз өте көңілді, жақсы өтті. Біздің ата-аналарымзбен мұғалім бірлесе керемет саяхат ұйымдастырды. әртүрлі ойындар ойнап, дастарқан басында жиналдық. Ең қызығы Зухра Биктимировнамен ойнаған ойынымыз болды.
Шакенова Айсулу: Саяхат өте қызықты болды. Күн де ыстық болды. Самал жел соғып тұрды. Табиғат неткен әдемі! Жақын жерде Ертіс өзені орналасқан.
Москалец Валерий: Ең қызықтысы біз басқа 5-ші сыныптармен сайысқа түстік.
Джангельдинов Арман: Саяхат маған ұнады. Әсіресе эстафета ұнады.
Еременко Таня: Саяхат маған қатты ұнады. Мұнда біз әртүрлі ойындар ойнадық. Ең бастысы мұғаліміміз бізбен бірге жас балаша ойнады.
Біз үлкен әсер алдық.
Мерекені ұйымдастырушыларға үлкен рахмет!