22-қыркүйек тілдер мерекесінің қарсанында №5 жалпы білім беретін мектептің 3,4 «ә» сыныптары арасында «1001 МАҚАЛ,101 ЖҰМБАҚ» атты сайыс өтті.Бұл сайыс Павлодар қаласының №6 қазақ кітапқанасында жүргізілді.Сайыс 3 кезеңнен тұрды:
1 кезең- «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар»деген айдармен өтті ,онда қатысушылар білім,еңбек,Отан,адами қасиеттер туралы мақал-мателдерді кезек-кезек айтып жарысты.Тоқтап қалған бала сайыстан шығып отырды.
2 кезең- «Кім тапқыр?» деген айдармен өтті.Онда 1 кезеңнен іріктеліп алынған оқушыларға аяқталмаған мақал-мәтелдер таратылып берілді,оқушылар оларды аяқтап жазудан сайысты.
3 кезең- «Ойлан,тап» деген айдармен өтті.Ондн сайыскерлерге әр түрлі тақырыптағы алуан түрлі жұмбақтар жасырылды.
Бұл сайыс отырған көрермендермен де ойнатылды.Нәтижесін шағын концерттік бағдарламамен қортындыладық.Сайыс жеңімпазы 4 «ә» сынып оқушысы Саттаров Әлішер,2 орын- 3 «ә» сынып оқушысы Полатова Зәуре,3 орын-4 «ә» сынып оқушысы Ахметов Рустам иеленді.Жеңімпаздар арнайы марапатталып,шағын сыйлықтар алды.
Ұйымдастырушылар:
3 «ә» сынып жетекшісі Сыздықова Күнсұлу
4 «ә» сынып жетекшісі Толеуханова Бақытгүл
және № 6 кітапхансының ұжымы