Зиянды әдетті болдырмау мақсатында 7 «В» сынып оқушылары арасынада "Шылым шекпейміз" атты ойын бағдарламасы өткізілді. кітапханашы
Ешова Гүлмира Жасқайратқызы балалармен бірге "Шылым шегу. Бұл не?", «Шылым шегудуің тигізетін зияны», «Шылымның шығу тарихы», «Табак сөзі қалай пайда болды?», «Шылымның түтініндегі зиянды заттар» мәселелері көтерілді
«Шылым түтіні неден тұрады?» деген тақырыпта ой-пікірталасы болды. Осыдан балалар өздеріне шылым шегу адам ағзасына ешқандай пайда әкелмейтіндігі туралы ой түйді. Шылым шегу бұл өз-өзі уландыру. Ал бір шылым қорабы - бұл нағыз жарылғыш зат.
Суреттегі кестелер бойынша балалар шылым шегу адамның ағзасына қандай зиян келтіретіндігі туралы көріп, білді. Содан кейін оқушылар өздері жазған өлең, тақпақтарын оқып, салған сереттерін көрсетті. «Біз өмірді таңдаймыз» атты көрме ұйымдастырылды.
-Гребенникова Арина өзі жазған тақпағын оқыды.
Сулейменов Т., Бубарева Ю., Средуева К., Москалева М.,
Лаутеншлегер К., Рихтер Д., Аликулова А., Мустафина Б., Даниярова Н. суреттерін тамашалады.
Лыскова Н., Яшкина Н. реферат жазды.
Кітапханада "Шылым шегуге жол жоқ" атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, "Біз өмірді таңдаймыз" атты сурет көрмесі ұйымдастырылды.
7 «В» сынып жетекшісі Ершова О.К. осы іс-шараға белсенді қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз.