Сенім телефоны
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Баланың құқығы туралы конвенция
27-02-2012 08:59
Баланың құқығы туралы конвенция

13-бап

1.     Бала өз пікірін еркін білдіруге құқылы; бұл құқыққа шекараларға қарамастан ауызша, жазбаша немесе басылым нысанында, көркемөнер шығармасы нысанында не болмаса баланың өз таңдауы бойынша басқа да құралдардың көмегімен әр түрлі ақпарат пен идеяларды іздеу, алу және беру еркіндігі кіреді.

1.     Осы құқықты жүзеге асыру кейбір шектеулерге әкеп соғуы мүмкін, алайда, бұл шектеулер тек заңмен көзделген және:

а) басқа да адамдардың құқықтары мен абыройын құрметтеу үшін; немесе

ә) мемлекеттік қауіпсіздікті немесе қоғамдық тәртіпті (ordre publiс) не болмаса халықтың рухани ізгілігін қорғау үшін қажет шектеулер ғана болуы мүмкін.