2014 жылы қаңтардың 28-шы жұлдызында № 5 жоббм-де ІІІ деңгейлік курсты тәмамдаған қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері өз тәжірибелерін қалалық деңгейде өткізілген семинарда бөлісті. Семинарға қаланың мектептерінен 30 мұғалімдері қатысты.
Рушанова Аспет Төкенқызы «Мәтінмен жұмыс істеу барысында жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану» шебер-сынып өткізді. (43 кабинет)
Сенбина Мәдина. Сансызбаевна. – 8 «В» сынып, ашық сабақ «Табиғат және біз» (26 кабинет) Қарымсақова Бақыт. Төребайқызы. – 4 «В» сынып, ашық сабақ «Ұлттық ойындар. Асық ойыны» (33 кабинет)
Семинар тақырыбы: «Қазақ тілі сабағында мәтін арқылы оқушылардың түйінді құзыреттіліктерін дамыту»
Семинардың мақсаты: ІІІ деңгейлі курстан өткен мұғалімдердің жұмыс тәжірибесімен таныстыру.
Семинарға қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Бекбосынова Х.В қатысты.
Семинар соңында Бекбосынова Х.В. өз алғысын білдірді.