Балалар техникалық мектебіне саяхат.
9 маусым күні– «Ақ шағала» лагерінің 2, 5 экипаж балалары балалар техникалық мектебіне саяхатқа шықты. Балаларға ерекше ұнағаны: «дайын жұмыстар» бөлмесі. Мұнда олар сирек кездесетін әскери ұшақ, машина, зымыран түрлерін көріп, тамашалады. Ал тұзды наннан, қағаздан жасалған бұйымдар ерекше көз тартарлық әсер қалдырды. Өз қолыңмен жасаған жұмыс зор әсер етті.