Павлодар қаласының № 42 жалпы орта білім беру мектебінде 2015 жылдың қаңтардың алтыншы жұлдызында қалалық білім беру бөлімінің жоспары бойынша қалалық шығармашылық тобының кезекті отырысы өтті. Онда қалалық шығармашылық топтың мүшесі №5 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Толеухан Бақытгүл Толеуханқызы «Жеке тұлғаға бағытталған » технология бойынша семинар – практикум өткізді. Семинар – практикумға қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Кайырғазина Шолпан Шаханқызы және №2, №4, №5, №7, №20, №25, №35, №42 жалы орта білім беру мектептері мен Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінің ұстаздары қатысты. Семинар екі бөлімнен тұрды, бірінші бөлімінде мұғалім өзінің «Жеке тұлғаға бағытталған » технология бойынша шығармашылық шеберханасымен, жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Екінші бөлімінде «Жеке тұлғаға бағытталған » технология бойынша «Көп мағыналы сөздер» тақырыбында мастер класс өткізді. Қала ұстаздары өткізілген семинар мен мастер класстан өздеріне қажетті мәліметтер мен ақпараттар алғандары үшін алғыс білдіріп, аталмыш технологияны Толеухан Бақытгүл Толеуханқызының жақсы меңгергенін, практикада жақсы қолдана алғанын айтты.
«Жеке тұлғаға бағытталған » технология бойынша «Көп мағыналы сөздер» тақырыбында мастер класс