№ 5 мектепте «Математика» апталығы өтті. 2 «А» сынып оқушылары іс шараға белсене қатысты. Балалар математика туралы мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, қанатты сөздер іздеп және қағазға түрлі-түсті бояулармен рәсімдеді. Еңбек сабағында геометриялық материалдардан жапсырмалар орындады. Жұмыстары өте қызықты болды.