Павлодар қ., № 5 мектебіндегі кітапханасында «Балалар кітап апталығы» өте қызықты өткізілді. Біздің мектептің оқырмандары «Балалық шақ ғаламындағы оқырмандар аралы» кітапханалық саяхатта болды. Олар әр түрлі аралдарды болды. Саяхаттау кезінде Дүйсенбаев, Барто, Зверев, Чарушин атты жазушылардың шығармашылығымен танысты. Ол үшін Павлодар қаласының № 6 балалар кітапханасына барды. Саяхаттау таныстыру сипатында ғана емес, танымдық жағынан да өткізілді. Балалар жұмбақтар шешіп, өлеңдер де оқыды. 2 «Ә» сынып оқушылары балалар поэті Дүйсенбиевтің өлеңі бойынша қазақ тілінде көрініс көрсетті.
Кітап-мерейгері бойынша ертегі театрі: «Таныс кітаптарды ашайық !» осы атау бойынша мектептің акт залында театрландырылған көрініс өткізілді. Осы ертелігік мерекеде бастауыш сыныптың 10 сыныбы қатысты. 47 оқушы көрермендер үшін Пушкин, Чуковский, А.Толстой, Михилков, Маяковск ий шығармашылығы бойынша көрініс дайындады (137 адам). Кітап меңгерушісі О.В.Ерменкова іс-шара кезінде интер белсенді тақтамен балаларды ертегі және өлеңдермен таныстырып өтті. Бірінші кезекте балаларға театрдың не екенін және оның пайда болуы жөнінде айтты. Барлық көрермендерге, оның ішінде әжелерімен бірге аналары да болды. Сүйікті шығармаларымызды еске алып, балалардың қатысуымен өткен көрініс ерекше өткізілді. Жақсы өлдеңдер мен ертегілер оқуға, оқу мәдениетіне тәрбиелейді.
Орта буын оқушылары (6 «В» және 5 «А» сыныптар) «Чтение –вот лучшее учение» плюс Воок-симпатия – Н.Носовтың кітабы, «Витя Малеев мектепте және үйде» оқырмандар конференциясында белсене қатысты. Мектеп кітапханашысы Г.Ж.Ешова балаларға интер белсенді тақтаны қолданып, жазылған кітаптың тарихы, кітапқа байланыстықызықты дәстүрлерді айтып өтті. Балалар кітапханашылармен бірге бас қаһарман және оның достары жөнінде пікір-талас ұйымдастырды. Сонымен бірге кітапты оқуға тұра ма, әлде жоқ па екені айтылды. Ол кітаппен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік. Конференция соңында балалар «Екі дос» атты Витя Малеев туралы көркем фильмнің үзінділерінен шолу жасады. Сонымен бірге Г.Ж.Ешова Н.Носовтың шығармалары бойынша викторина өткізді.