Ғылым – бұл бізді қоршап жатқан, қоғамды дамытудың бір факторы деп те айтуға болады. Сондықтан біз ғылыми-танымдық әдебиеттерді өмірімізде белсенді түрде қолданамыз.
Ғылыми –танымдық әдебиеттер адамзаттың білім алуына үлкен пайдасын тигізуде. Осы оның ең басты міндеті болып табылады. Бұл әдебиет ғылымның, ғылыми жетістіктердің, ғалымдардың еңбектерін халыққа жеткізудің бірден-бір жолы. Ғылыми-танымдық әдебиеттерге сөздіктер, түрлі анықтамалықтар, энциклопедиялар жатады. Осы әдебиеттер арқылы адамдар өздеріне керекті жаңа деректерді, ғылыми зерттеулер туралы оқып біледі. Қоршаған айналаны тани бастайды.
7 «А» сынып оқушылары үшін кітапханашылар «Ғылыми- танымдық әдебиеттер» атты тақырыпта кітапхана сабақ-презентациясын өткізді. Шара презентация түрінде өтті. Оқушылармен әңгімелеп, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл білім саласындағы түрлі сөздіктер, энциклопедиялар, анықтамалар. Оқушылар өздері дайындаған рефераттарын оқыды. Ал Тагиев Владимир осы тақырып бойынша дайындаған презентациясымен бәрімізді таныстырып өтті. Сонымен қатар ғылыми – көркем әдебиет те бар. Мұнда ғалымдардың өмірі мен ғылыми жобалары туралы айтылады. Бұл туралы Владимир өз презентациясында да айтып кетті.
7 «А» сынып жетекшісі Санникова Елена Георгиевна балаларды дайындап, өз кабинетін осы шараны өткізуге ұсынды. Сол үшін оған алғысымызды білдіргіміз келеді.
Шараға белсенді қатысқан оқушыларға алғыс білдіреміз. Бұл 7 «А» сынып оқушылары : Тагиев В., Чуклинов И., Айбеккызы А., Сыромятников Д., Логвиненко Е., Шишкина А., Альсеитов Р.