Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Адрес: Павлодарская область, город Павлодар, ул.Лермонтова 129
8(7182)549580
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда с 16.00 до 18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ұлы даланың әншісі»
22-12-2015 06:02

Күзгі демалыс – бұл оқушылар үшін оқу жылындағы кішкентай үзіліс. Ол оқу үрдісі басталып, оқу процесінде балалар шаршаңқырап, ауа райы бұзылады. Сол кезде оқушылардың алдында немен айналыссам, немен өзімді қызықтырсым деген ой туындайды.

Өз оқырмандары үшін мектеп кітапханашылары түрлі іс-шаралар дайындап, өткізді.

7 «А», «В» сынып оқушылары үшін мектеп кітапханасында І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы бойынша «Ұлы даланың әншісі» немесе «Ұлы даланың әншісі » атты презентация дайындады. Кітапханашы Ешова Г.Ж. жазушының өмірбаянына, шығармашылығына қатысты презентация дайындады.

Биылғы жылы Қазақстан халқының Ассамлеясының 20- жылдығы, Қазақстан Республикасы Ата заңының 20 – жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 –жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы ақын Абайдың туғанына 170 жыл толу мерекелері өткізілді. Елеулі оқиғалар, атаулы мерейтойлардың бәрімен І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы ұштасып отырады. Бұл шығарма республикалық «Бір ел – бір кітап» атты акциясы негізінде оқуға ұсынылған.

Биылғы жылы Ілияс Есенберлин 100 жасқа толар еді. Бұл мерейтой ЮНЕСКО-ның шеңберінде өткізілетін еді. «Көшпенділер» роман-трилогиясы әлемдік классикалық әдебиеттің маржаны. «Көшпенділер» романын әрбір қазақстандық оқып шығуы тиіс. Бұл шығармада Ұлы дала халқы Қытайдан бастап, Каспийге дейін қалай өмір сүргендері туралы әңгімелейді. Монғол шапқыншылығынан кейінгі мемлекеттің бас көтеруі туралы әңгімелейді.

Роман беттерінен бізбен Қасым, Әз Жәнібек, Есім, Хакназар, Әз Тәуке, қаһарлы Абылай, қазақ халқының соңғы ханы Кенесары, атақты батырлар Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Олжабай сынды батырлар әңгімелесіп тұрғандай. Ілияс Есенберлиннің шығармаларын барлық көршілес республика оқырмандары да қызығып оқиды. Шығармаларды әлемнің көптеген тілдеріне аудару арқылы қазақ халқы, сол халықтың батырлары, мәдениеті, тарихи деректер туралы жер шары халықтары тани бастады.

Бүгін де оқушылар жазушы оның өмірі мен шығармашылығы туралы көптеген мәлімет алды. Оқушылардың көбі көшпенділер туралы жай ғана естіген. Гулмира Жасқайратқызық «Көшпенділер» фильмінен үзінді көрсетті. Қалғанын оқушылар өздігінше көреді деп үміттенеміз. Оқушылар іс шараға белсене қатысты. Олар берілген мағлұматтарды тыңдап қана қоймай берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын білдірді. Өздері де шара барысында туындаған сұрақтарға жауап іздеп көрді.

Күзгі каникул кезіндегі өткізілген шаралар оқушылардың көңілінен шықты және балалар өздеріне керек көптеген мәліметтерді білді деген ойдамыз. Кітаппен кездесу – бұл әрқашан да үлкен мереке.