«Елім – менің тағдырым»
№5 мектепте 2015 жылдың 12 желтоқсанда 11 сыныптар арасында Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Елім – менің тағдырым» атты конференциясы өтті. Конференцияда 11 сынып оқушылары өз презентацияларын қорғады. Шара өте қызықты, тартымды өтті. Жауапты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Сембина М.С, Усенова Қ.С. болды. Оқушылар конференция соңында дисскуссия жасап, викториналық сұрақтарына жауап берді. 11 «А», 11 «Б» сынып оқушылары «Менің Отаным- Қазақстан», «Мен өз Отаныма қызмет етуге дайынмын»! «Қазақстанның дамуына өз үлесімді қосамын» деген пікірлерін білдірді. Осындай шаралар оқушылардың білімге деген құштарлығын білдіріп, Отанға деген құрмет, парыз, жауапкершілік деген патриоттық сезімдерге баулиды!