Үстіміздегі жылда мектебімізде «Мың бала» республикалық жобасы аясында өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді білуді насихаттайтын мектепішілік «Асыл сөз» байқауы өтті. Бұл байқауға бастауыш, орта және жоғары сыныптардан 1-2 оқушыдан қатысты.
«Мың бала» республикалық жобасы аясында өткен мектепішілік «Асыл сөз» сайысында 7 «В» сынып оқушылары Поспелов Егор бас жүлдені жеңіп алғаны үшін және Инюткина Елена қатысқаны үшін марапатталды. Поспелов Егор – Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» атты поэмасынан үзіндіні нақышына келтіріп мәнерлеп оқып берді. Инюткина Елена мұзбалақ ақын Мұқағалидің «Үш бақытым» өлеңін жатқа оқыды.
Ән айтылып, би биленді, байқау өте қызықты өтті. Қазақ әдебиеті пәнінен оқушылардың танымдары кеңейді.
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ж.Н. Имангельдинова