Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«ҚР Тілдер туралы заңы» тақырыбына педкеңес
03-03-2018 10:46
«ҚР Тілдер туралы заңы» тақырыбына педкеңес

Елбасының «Бiз бүкiл қазақстандықтардын басын бiрiктiретiн басты фактор - мемлекеттiк тiл - қазақтардың туған тiлiн дамыту үшiн барлық күш-жiгерiмiздi жұмсауымыз керек»-деуiнiң өзi әрбiр саналы азаматтарға көп жайды аңғартса керек. Қазiргi жастар елiмiздiң болашағы қазақ ұлтымен, оның мемлекеттiк тiлiмен тiкелей байланысты екенiн жақсы түсiнедi және сонымен қатар әлемдiк үдерiстiң талабына сай көп тiлдi меңгерудiң де өмiр талабы екенiн жақсы бiледi.
02.03.2018ж мектепішілік деңгейінде «ҚР Тілдер туралы заңы» тақырыбына педкеңес өткізілді. Педкеңестің мақсаты: нормативті құжаттармен таныстыру, «ҚР Тілдер туралы заңын» нақты оқып, ассоциацияларын қағазға салып, пікірталас ұйымдастыру. .Педкеңесте ұстаздар нормативті құжатпен танысып, өз ассоциацияларын жазып, топ мүшелері өз пікірлерін айтып, педкеңес шешімін шығарды: 1. Тілдердің алуан түрлілігіне саналы көзқарас қалыптастыру, әртүрлі тілдердегі қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру: қазақ, орыс, ағылшын.
2.Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту, тілдік пәндерге қызығушылық таныту;
3.Дарынды балалармен белсенді жұмыс жасау.
4.Ұлттық сипаттағы құжатта жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру, ойларың дұрыс тұжырымдап, пікірлерін білдіру, шағын топтарда жұмыс істеу.
5.Құқықтық, патриоттық тәрбие беру, азаматтық жауапкершілікті арттыру.