Сенім телефоны
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қайырымды істер жинағы» акциясы
19-03-2018 15:17
«Қайырымды істер жинағы» акциясы

Біз бұл мақаламызды Мейірімді көмекшілер жас ұландарына арнағымыз келеді. Біз ізгі істер тізбегі кеңінен таралғанын және көп адамдарға әсер беретінін түсінеміз. Біз сіздермен бірге балабақшалар мен мектептердің тақырыптық іс-шараларды, жақсы мейірімді істерге арналған сабақ сағаттарын өткізетінін байқай аламыз. Осылайша, «Қазақстан - мейірімділіктің аумағы» республикалық балалар шығармашылығы бастамасының аясында қаланың мектептерінде «Қайырымды істер жинағы» акциясы өткізіледі. Балалар кішкентай жинаққа өз үлестерін қоса алады: ардагерлерге барып, ауладағы қарды тазалап, құс орнын жасайды, бастауыш буындағы кішкене балалармен үзілісте көңілді ойын ойнап, макулатура жинайды және т.б. Ақпан айының ортасында Соқырлар қоғамының өкілдері бізді қауымның кейбір отбасыларына көмек сұрады. Сонымен бірге, мүгедек /100% соқыр/ адамдардың пәтерлерін жинауға көмек беру мәселесіде талқыланды. 30 жыл бойы өз кезегі бойынша үйлі болған көз жанарынан айрылған мүгедек жан үйін жинап беруге көмек беруін сұрады. Сол күні бізге №5 ЖОМ ММ қайырымдылық акциясына қатысуға ниеттерін білдірді. Біз оларға тұрғын үйді жинауға көмек берулерін ұсындық олар келісе кетті. Осы игі істері үшін біз үлкен Алғысымызды білдіреміз. Бірнеше күн өткен соң (20 ақпан) 5 «А» сыныптағы 5 оқушы (№5 ЖОМ ММ) және біздің клубтың еріктісі көз жанарынан айрылған Соқыр Қоғамның мүгедектігі бар адамның пәтерін тазалауға қатысты. Мүгедек адамның риза болғаны соншалықты келесі күні ол мектепке келіп балалардың Игі қайырымдылық іс жасағандары үшін шексіз алғысын білдірді. Құрметті жетекшілер мен балабақшалар мен мектептердің педагогтары, біз осындай үлеспен біз өсіп келе жатқан жас ұрпаққа дұрыс, салауатты негіз қалайтынымызға өте қуаныштымыз. Әрдайым игі істер біздің өміріміздің бір бөлшегі ретінде қарауымыз қажет. Егер біздің балаларымыз балабақшадан бастап сіңіріп, мектепте нығайта бастаса, олар болашақта үлкен өмірге дайын болады. «Балалар – біздің болашағымыз», болашақта біздің балаларымыз Дені сау, ашық, игі істер жасауға дайын ұрпақты көреміз деген үміт ұялатады. 1 Б және 5 Б сыныптардың оқушылары өз аналарына мерекелік концерт дайындады.