2018 жылдың 20-қыркүейгінде №5 жалпы орта білім беру мектебінде 5-11 сыныптарда Қазақстан халқы Ассамблеясының Астананың 20 жылдығына арналған "АСТАНА-БЕЙБІТШІЛІК БЕСІГІ" жалпықазақстандық ашық диктант өтті. Ашық диктанттың мақсаты- мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту. Бұл ашық диктантты жазуда оқушыларға өз білім деңгейлерін және қаншалықты сауатты жазатындықтарын тексеруге үлкен мүмкіндік беру арқылы қоғамның жаңа талабына сай сауатты болудың маңыздылығына назар аудартылды. Бүгінгі шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, жұмыстың нәтижелерін шығаруға зор үлес қосқан №5 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне мектеп әкімшілігі алғыс айтамыз.
"АСТАНА-БЕЙБІТШІЛІК БЕСІГІ" жалпықазақстандық ашық диктанты