Қалалық білім беру бөлімі ауа райы жағдайына байланысты сабақтарды тоқтату туралы шешім қалай қабылданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
⠀
- Оқу жылының қысқы кезеңінде білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сабақты тоқтатудың параметрлері бекітілген, - дейді білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Людмила Казанцева. - 1-4 сыныптарда желдің жылдамдығы секундына 20 метр болғанда, 1-11 сыныптарда секундына 25 метрге жеткенде сабақтар тоқтатылады. Сондай-ақ, сағат таңғы 6.20-да қалалық білім беру бөлімінің сайтында ақпарат орналастырылады және Instagram, Telegram әлеуметтік желілері арқылы хабар таратылады.
⠀
Өңірлік білім беру басқармасының мәліметіне сүйенсек, қолайсыз метеорологиялық жағдай орын алғанда теледидарда жүгіртпе жол, әкімдіктер мен білім беру басқармасының сайттарында ақпарат орналастырылады.
⠀
Облыстық ТЖД бірыңғай кезекшілік бөліміне 112 нөміріне бірінші ауысым үшін сағат 6.45-ке дейін, екінші ауысым үшін сағат 11.15-ке дейін ақпарат жіберіледі.
Қалалық білім беру бөлімі ауа райы жағдайына байланысты сабақтарды тоқтату туралы шешім қалай қабылданатынын мәлімдеді