"Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілі мен əдебиеті сабақтарында тиімді əдіс- тәсілдерді пайдалану" атты шеберлік сағаты
10.12.2018 жылы Павлодар қаласының @school_5pvl "Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілі мен əдебиеті сабақтарында тиімді əдіс- тәсілдерді пайдалану" атты шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатының мақсатын жүзеге асыру барысында Омарова Асимгуль Маратовна "Стоп кадр", "Хикая картасы", "Ойлан-жұптас-бөліс" атты əдістерін қазақ тілі мен əдебиеті сабақтарында тиімді пайдалану жолдарын көрсетіп, өз тәжірибесімен бөлісті.