Сенім телефоны
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Павлодар қаласының командасы облыстық пән олимпиадасында жүлделі орындардың рекордтық санына ие болды
06-01-2019 14:43
Павлодар қаласының командасы облыстық пән олимпиадасында жүлделі орындардың рекордтық санына ие болды

Павлодар қаласының командасы облыстық пән олимпиадасында жүлделі орындардың рекордтық санына ие болды
Павлодар қаласының командасы үздік атанды. Облыстық пән олимпиадасына 65 оқушы қатысып, өз білімдерін 15 пән бойынша сынады. Қалалық білім беру бөлімі облыстық олимпиада қорытындысы бойынша павлодарлық оқушылар мұндай жоғары жетістіктерге бұрын-сонды жетпегендіктерін атап өтті. Павлодар мектептерінің оқушылары 47 жүлделі орын алды: 9 - бірінші, 11 - екінші және 27-үшінші орын. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда рекордтық көрсеткіш. Облыстық пән олимпиадасының жеңімпаздары, №35 ЖОМ түлегі Қасымжан Зухра, №37 ЖОМ түлегі Құттыбаева Анель гуманитарлық және экономикалық бағыттар бойынша ИнЕУ-дің білім гранттарына ие болды. Қала мектептері арасында үздік нәтиже көрсеткен №1, 9, 16, 18, 23, 29, 34, 35, 36, 37, 39, 42 орта мектептері. Пән олимпиадасының облыстық кезеңіндегі 9 жеңімпазы облыс намысын республикалық кезеңінде қорғайтынын атап өту керек. Павлодар қаласының оқушылары химия, география, информатика, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс, ағылшын, неміс, француз тілдерінен жоғары білім деңгейлерін көрсетті. Қала командасы тағы бір мәрте үздік болып танылды. Бұл оқушылардың ғана емес, оларды дайындаған мұғалімдердің де үлкен жеңісі екенін Павлодар Дарыны орталығының басшысы Азамат Шаймұрат атап кетті.