"ОЖСБ-ға дайындық аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру"
2019 жылдың 15 ақпанында №5 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айнаш Калеловна Макеева облыс мұғалімдеріне "ОЖСБ-ға дайындық аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру" тақырыбында әдістемелік көмек ретінде семинар өткізді. Макеева А.К. қазақ тілі пәнінен ОЖСБ-ға дайындау кезінде қандай тиімді әдіс-тәсілдер арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізу жайлы өз іс тәжірибесімен бөлісті. Мұғалімдер оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуда тест тапсырмаларын өз тәжірибесінде ұдайы қолдану арқылы күтілетін нәтижені жоспарлап және сараптап отыру - семинардың түйіні болып табылды.