Наурыз мейрамы қарсаңында өткен іс шарада ағылшын тілі әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері "Баланы қырқынан шығару рәсімін" көрсетті.
Бала тәрбиесіне қатысты ырымдар мен кәделер өте көп. Солардың бірі баланы қырқынан шығару. Дүние есігін ашқан нәрестеге 40 күн толғанда, өсіп өнген отбасының көрегенді анасын шақырып, қырқынан шығарады. 40 күн ішінде сәбидің денесі ширап, көз тоқтатады. Әр құбылысты, дыбысты ажырата бастайды. - Ыдысқа жылы су құйылып, адалдық пен пәктіктің белгісі ретінде күмістен жасалған бұйымдар салынады. Перзентіміз өскенде малды болсын деп, қойдың асықтарын жинайды, күнің күмістей жарқырап тұрсын, омыртқаң жылдам бекісін, 40 қабырғаң тез қатайсын деген тілекті айтып отырып, сәбидің басынан бастап 40 қасық су құяды. Көңілің мен пейілің сүттей таза ақ болсын деп ырымдап, сүт қосады. Шомылдырып болған соң, нәрестенің қарын шашы мен тырнағын алады. Тырнағын адам баспайтын жерге көміп, қарын шашын ақ матаға салып орап қояды. Суға салған күміс бұйымдарды сәбиді қырқынан шығарып жатқан, жақсы тілектермен тілеулес болған ауыл келіндеріне үйлестіріп береді. Қырқынан шығып, бұғанасы қатайған баланың алғаш киген иткөйлегін көптен бері құрсақ көтере алмайжүрген келіндерге жұғысты болсын деген ниетпен ырымдап беріледі.
Наурыз мейрамы қарсаңында өткен іс шарада ағылшын тілі әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері "Баланы қырқынан шығару рәсімін" көрсетті.