Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
2019 жылдың 13 -інші желтоқсанында Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында " Абай дана- Абай дара қазақта " атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығының 1-11 сыныптары үшін әдеби-музыкалық әдеби кештің жабылуы мүшайрасы өтті.
13-12-2019 20:23
2019 жылдың 13 -інші желтоқсанында  Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында

2019 жылдың 13 -інші желтоқсанында  Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында " бай дана- Абай дара қазақта" атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығының 1-11 сыныптары үшін әдеби-музыкалық әдеби кештің жабылуы мүшайрасы өтті. Кештің мақсаты: Қазақтың Ұлы ақыны,философы, классигі-Абай Құнанбайұлының өлеңдерін, қара сөздерін оқыту, көрініс қою. Абайдың жаңалығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, құрмет ету. Кеш шымылдығын мектеп оқушылары Абайдың балалық шағы,әкесіне деген құрметі,сыйластығы туралы көрініспен ашылды. Абай- қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы және қазақ халқының орыс әдебиетімен танысырушы, табыстырушы. Өзінің аудармалары арқылы қазақ жұртын орыс классиктерінің шығармаларымен таныстырған адам. Осыған дәлел болып , 11 "А" сынып оқушылары "Қараңғы түнде тау қалғып" өлеңнің үзіндісін қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерінде мәнерлеп оқыды. Мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі және Павлодар облысының болгар халқының Славян ұлттық мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Валентина Николаевна Шатова болгар және қазақ тілінде Абайдың "Желсіз түнде жарық ай" өлеңін орындап берді. Ақынның қай өлеңін алсақ та, астарлы ойы мен идеясынан адамгершілікке тән қасиеттерді бойына дарыта алған ,адами рухты сіңіріп өсу керек деген ой белгілі. Ақынның алғашқы өлеңдерінің бірі "Ғылым таппай мақтанба", аталмыш шығарманы 4 "В" сынып оқушылары мәнерлеп оқып кешті жалғастырды. Абайдың топ өлеңдер шоғыры табиғат лирикасына арналды. Сахнаға 2, 4 сынып оқушылары табиғат лирикасына өз өнерлерін мәнерлер оқып берді. Сонымен қатар, Алпыспаева Аружан, Костенко Алиса және Грушковский Арсений ақынның шығармаларының үзінділерін скрипка мен флейтада ойнап көрермендерді таңқалдырды. Кеш сәнін 1"Ә" сынып оқушылары "Мен қазақпын" флешбомыбен, 2"Ә" және 10 сынып оқушылары қазақ биімен, жалғастырды. Абай өмірінің соңында жазылған туындысы "қара сөздер" деп аталады. Қара сөздерден даналық сөздер ,мақала, ғылымдық, философиялық шолулар көп. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Әсем Ережепқызы Аманова 31 қара сөзімен кешті жалғастырды.