Қалалық Сараптама кеңес отырысында "Павлодар қаласының №11 ЖОМ"КММ дамыту Бағдарламасы ұсынылды. Бағдарлама мектептің қазіргі жағдайын талдауды ескере отырып әзірленді және мектептегі білім беру жүйесінің дамуын басқаруды айқындайтын құжат болып табылады. Мектеп әкімшілігі даму Бағдарламасының миссиясын, мақсаттарын, міндеттері мен іске асыру кезеңдерін анықтады. Мектеп жұмысының проблемалық-бағдарланған жүйесін талдау мектептің даму стратегиясының негізгі проблемаларын, негізгі бағыттарын анықтады: басқару жүйесінде, инфрақұрылымды жаңартуда, білім беру үрдісін ұйымдастыруда, серіктестік қатынастарды кеңейтуде. Әрбір бағыт бойынша күтілетін нәтижелер мен бағдарлама тиімділігінің индикаторлары әзірленді. "Тіл – қазына", "Дарынды балалар", "Ақпараттандыру" жобалары бағдарламаның құрамдас бөлігі болып табылады және мектептің бүгінгі күнгі өзекті мәселелерін шешуге ықпал ететін болады. Талқылау барысында мектеп әкімшілігі даму Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша конструктивті ұсыныстар алды.
Қалалық Сараптама кеңес отырысында "Павлодар қаласының №11 ЖОМ"КММ дамыту Бағдарламасы ұсынылды.