Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182) 32 49 27
email: sosh11@goo.edu.kz
Адрес: г. Павлодар, Площадь Победы 3/1
8 (7182) 32 50 66
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Ежедневно с 16:00 до 18:00 ч.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қазақ тілі мен әдебиет апталығы
16-03-2012 12:27

 

№11 МҮЖОБББМ-де наурыздың 12-і мен наурыздың 17-і аралығында қазақ тілі  мен әдебиет апталығын өткізу жоспарланды. Апталықтың мақсаты қазақ тілінің мәртебесін арттыру, оқушылардың өз ойларын еркін,нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын шыңдау, өзін-өзі дамыту, коммуникативтік,оқу-танымдық құзіреттіліктерін дамыту. Осы апталықты өткізу барысында апталықтың жоспары құрастырылып, оқушылар назарына ұсынылды. 

Өткізілетін шаралар атауы

Мероприятия

Сыныптар

классы

Өткізілетін орны. Место проведения

Жауаптылар:

Ответственные

1.

Мектепті безендіру.   Оформление

 

1 қабат

 

Оспанова А.Т., Каждарова Б.Қ., Боранбаева Д.Қ., Әлкеева А.Қ

2.

Абай оқулары

3 – 4 сынып

9 наурыз           каб № 33

Әлкеева А.Қ

3.

Қазақшаңыз қалай?

4АБ сыныптары

13 наурыз        каб №15

Қаждарова Б.Қ

4.

«Әй, жарайсың» сайысы

5 – 7 сыныптар

14 наурыз        каб №15

Шиянбина Ж.Ж.,  Сатымбаева Р.Т., Қалиасқарова С.Ж

5.

Қазақшаңыз  қалай?

8- 11 сынып

14 наурыз        каб  №15

Исабаева Н.Б

6.

Абай оқулары

5 – 7 сыныптар

15 наурыз     каб  №15

Тұрдыева Н.Ш, Шиянбина Ж.Ж

7.

Абай мен Шәкәрім оқулары

8  - 11 сыныптар

15 наурыз     каб № 15

Оспанова А.Т

8.

Таңғажайып алаң

3 сыныптар

16 наурыз

Қабышева М.И

9.

Ашық сабақ «Ойыншықтар»

1 А сыныбы

15 наурыз      4х30

Боранбаева Д.Қ

10.

Сұлтанмахмұт Торайғыровқа  арналған поэзия кеші

9 - 11 сыныптар

16 наурыз          каб № 15 14.30

Оспанова А.Т.,

Әбілева С.А,

Жолдасбекова К.Ж, Тұрдыева Н.Ш

11.

Қызықты грамматика қорытындысы

Бастауыш

буын

16 наурыз

Қабышева М.И., Әлкеева А.Қ., Қаждарова Б.Қ

12.

«Наурыз» мейрамы

1,4 сыныптар

19 наурыз 12.30

Боранбаева Д.Қ.,            Қаждарова Б.Қ

13.

«Наурыз» мейрамы

2,3 сыныптар

19 наурыз 15.00

Қабышева М.И.,           Әлкеева А.Қ.

14.

«Наурыз» мейрамы

5 – 7 сынып

19 наурыз 13.20

Ахмагамбетова Д.Н

15.

«Наурыз» мейрамы

8 – 11 сынып

20 наурыз

Әбілева С.А

Осы жоспарға сәйкес апталықтың жұмыс жоспары басталды. Апталық басталысымен мектептің бірінші қабатында апталыққа арналған апталықтың жоспары, бастауыш сынып оқушыларына арналған қызықты «Ойнайық та, ойлайық» атты суретті тапсырмалар, жоғары сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын арттыру мақсатында ауыз әдебиеті өкілдері мен ақын-жазушылардың портреттері мен шығармашылығы, «Бес арыс», «Үш бәйтерек» туралы мәліметтер, сонымен қатар тіл байлығын дамыту мақсатында мақал-мәтел, жаңылтпаштар, ой ұшқырлығын дамыту үшін  жұмбақтармен безендіріліп, оқушылар назарына ұсынылды. Жоспарға сәйкес 3-4, 5-7, 8-11 сыныптар арасында Абай және Шәкәрім оқулары өткізілді. Абай және Шәкәрім оқуларының жеңімпаздары:  3 орынды - 10 сынып оқушысы   Қожахметова Әйгерім, 2 орынды - 8в сынып оқушысы Николенко Света,  1 орынды - 8а сынып оқушысы Ковтун Алена жеңіп алды. Қуанарлық жайт, 8а сынып оқушысы – Ковтун Алена қалалық «ХІІІ Абай мен ІІІ Шәкәрім» оқуларында ІІ дәрежелі дипломды жеңіп алды.  5-7  сынып оқушылар арасында «Әй, жарайсың» сайысы өткізілді. Сайыс жеңімпаздары 1 орынды – «Қыран» командасы, 2 орынды «Бүркіт»  командасы жеңді.  8-11 сыныптар арасында «Қазақшаңыз қалай» сайысы өткізілді. 1 орынды – «Махаббат» командасы, 2 орынды «Жұлдыздар» командасы иеленіп жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Апталықтың жұмысы әлі де жалғасу барысында.