5, 10 сынып оқушыларының жалпы даму диагностикасы
Сыныптардың бір буыннан екінші бір буынға көшуге бейімделуі мектеп үшін ең қиын кезен. Осы сұраққа байланысты 4 қарашада кеңес отырысы өткізілді.
Отырыс барысында оқу ісінің меңгерушілері мен 5,10 сынып жетекшілері сыныптарға мінездеме берді. Мектеп психологі осы сыныптардың бейімделуі жайында өзінің бақылауын ұсынды. Осы сыныптарда істейтін мұғалімдердің жұмыстарына ұсыныстар берілді.