Сенім телефоны
8 (7182) 32 49 27
email: sosh11@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Жеңіс алаңы көш., 3/1
8 (7182) 32 50 66
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын сағат 16:00-18:00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жас батыр» атты облыстық әскери-қолданбалы жарыс туралы ақпарат.
27-10-2014 10:50
«Жас батыр» атты облыстық әскери-қолданбалы жарыс туралы ақпарат.

2014 жылы 24 қазан күні Павлодар ауданының №1 Чернорецск ЖОМ-де Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған «Жас батыр» атты облыстық әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыс өтті.

Жарысқа қалалар мен аудандарда өткен жарыстың кезеңдерінің жеңімпаздары13 команда, 120 оқушы қатысты.

Қатысушылар әскери-қолданбалы спорт түрлерінің келесідей түрлерінен  бақтарын сынады: әскериленген эстафета (Арқанға аяқтың көмегінсіз өрмелеу, бөгеттен өту, АК-47 автоматын бұзып, жинау, оқжатарды оқпен жабдықтау және босату, гір көтеру, пневматикалық қарудан ату), сонымен бірге саптық дайындық және «Тарих беттері» атты конкурс өткізілді.

Жарыстың ашылу салтанатына мәртебелі қонақтар қатысты: «Ардагерлер мен Ауғанстан соғысының және жергілікті соғыстың мүгедектері» қоғамдық қорының орынбасары А.Д.Романюк,  интернационалист жауынгерлер В.А.Грасевич, А.Е.Жантасов, Павлодар облысының Қорғаныс істер департаментінің өкілі майор Д.А. Буксман.

Жарыстың қорытындылары бойынша қалалар арасында 1-ші орынды Павлодар қаласының №11 МҮЖОБББМ, 2-ші орынды Ақсу қаласы және 3-ші орынды Павлодар қаласының  №35 ЖОМ иеленді. Аудандар арасында 1-ші орынды Май ауданы, 2-ші орынды Павлодар ауданы және 3-ші орынды Ертіс ауданы иеленді.

Жеке түрде ең жақсы нәтиже көрсеткен қатысушылар грамоталармен марапатталды. 

Командалар жүлдегерлері диплом мен грамоталармен және жеңімпаз команда кубокпен марапатталды.